Accessibility links

Ауғанстандағы шайқаста қарапайым тұрғындар құрбан болған


Ауғанстандағы НАТО қолбасшысы АҚШ күштері мен Талибан арасында орын алған қақтығыста қарапайым тұрғындардың қаза тапқанын растады. МакНиллдің мәлімдеуінше, елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінің Сангин ауданында мамырдың 8-і күні болған шайқасқа қатысты қазір тергеу ісі жүргізілуде. Хелманд әкімі Ассадулла Уафаның айтуынша, НАТО ұшақтарының талибандықтарға қарсы шабуылынан 21 қарапайым тұрғын құрбан болған, олардың арасында әйелдер мен балалар да болған.
XS
SM
MD
LG