Жолда соқтығысқан автокөлік дыбысы Қазақстанда жиі естілетін болды. 20 жыл бойы жеке меншік көлігімен жолаушылар тасымалдауды кәсіп етіп жүрген жүргізуші Асқар Байсейітов бар кінә жас жүргізушілерде дейді:
- Жылдамдықтың шекті мөлшері бізде қаланың ішінде 60 шақырым. Кей жерде белгі тұрады 40-50 деген. Бірақ, оған қарап жатқан ешкім жоқ, шынын айтқанда. Сосын мен сізге айтайын, Астана деген нағыз құтырған жастардың қаласы. Мұнда ақша көп. Ақша болғанда шенеуніктерге жалпы тегін келген ақша ғой. Балаларына бір-бір машина алып берген, қымбат көліктер. Өзі ережені бұзады және тағы саған белгі береді құтыртып тұрып, «кет әрі жолдан!» деген сияқты. Ал жүргіншілер болса олардан тіпті жағалай қашады. Жаңағы ақшаның буы шыдатпайды. Ол тегін келген нәрсе. Ертең соғылып қалса, бірдеңе істесе, «Өй! Ол жерде қызыл бағдаршам жанып тұрған немесе бұл жерде бағдаршам баяғыдан тұрған» деп, ақшасын төлеп бағдаршамды қоя салады сол жерге.
БҰҰ-ның Женевадағы жол-көлік департаментінің өкілі Жаромир Секотаның айтуынша, жолдардағы ең көп адам өлімі Ресей, Латвия және Қазақстанда кездеседі. Ал Қазақстан Ішкі істер министрлігінің жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімов жағдайдың қиындап бара жатқанын мойындап отыр:
- Бізде Ресейден де жағдайымыз жаман. Жаңағы Латвияның өзі қалай алға кетіп қалған бізден. Ал 1991 жылдары бәрімізде бірдей жағдай болған. Бұрын жол апатынан жылына 2,5-3 мың адам қайтыс болса, былтыр 4200 адам қайтыс болды. Бізде, Қазақстанда, қазір ең жоғарғы көрсеткіш. Мысалы, былтырғы жылы жол-көлік оқиғасына түскен 100 адамның 28-і қайтыс болды. Мысалы, Дания, Ұлыбритания сияқты дамыған мемлекеттерде 5-6-ақ адам қайтыс болады 100 адамнан.
Шетелдік сарапшылардың пікірінше, жолдағы адам қазасының негізгі себебі - жылдамдықты шамадан асыру. Егерде жүргіншіні сағатына 30 шақырыммен келе жатқан көлік соқса, онда ол тірі қалуы мүмкін. Ал одан жоғары болса жүргіншінің адам болуы екіталай, дейді сарапшылар.
«Батыс Еуропа қалаларында адам аз жерде көлік сағатына 30 шақырыммен жүреді. Ал адам көп жерде 20 шақырыммен жүреді. Қазақстан да осы стандарттарға жақындау керек. Және жүргізушімен оның қасында отырған жолаушылар қауіпсіздік белбеуін салмайды. Менің естуімше, Қазақстанда жас жүргізушілер белдік салса өзін қорқақ деп есептейді екен. Қазақстандағы жүргізушілердің 10 пайызы қауіпсіздік белбеуін салса, қалған 90 пайызы салмайды. Мақсат - осы 90 пайызға қауіпті азайтқызу. Осы менталитетті, мәдениетті өзгерту керек», - дейді БҰҰ-ның өкілі Секота.
Апат себептеріне ішімдік ішу және жол инфрақұрылымының дамымағандығы жатқызылды. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік ағымынан жүргіншілер алыста болуы шарт, дейді шетелдік сарапшылар. Ал жолдағы адам қазасы неге көп деген журналистердің сауалына Қазақстанның жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімов:
«Журналистер бір жыл ішінде көлік саны жарты миллионға өскенін ескермейді. Ал қаза болғандар саны өткен жылғы деңгейде», - деп жауап берді.
Түсімов жағдайды жөндеу үшін қаржы керек екенін айтады:
- Жаңа біз сұрақ сұрағанда бізге айтып отыр ғой Қазақстанға бұған саяси шешім керек деп. Біз, мысалы, қазір үкіметке шықтық. Қазір үкіметте біздің қаулы жатыр. Анау бейнебақылау қанша тұрады? Мысалы, Лондонда 2 жарым миллион камера жолда тұр. Жолда полицейді көрмейсің, бірақ ереже бұзсаң сол жерден біреу шығып хаттама толтырады. Соған қаржы керек қой. Тегін ешнәрсе жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жол апаттарының 80 пайызында жүргізушілер кінәлі болып шыққан. Жол полициясының мәліметіне жүгінсек, қазір ереже бұзған жүргізушілердің тек 25 пайызы ғана куәлігінен айырылса, қалғандары айыппұл төлеп құтылады екен.