Бүгін бір топ қоғам, мемлекет қайраткерлері және қоғамдық қозғалыстардың «Халық рухы» атты жаңа партия құруға бел байлағанын мәлімдеген Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов, өздерінің мұндай саяси қадамға бару себебін былайша түсіндірді.
- Бүкіл әлемде және республикамызда материалдық байлық бірінші қатарға шығарылды да, адами құндылықтар кейінге ысырылды. Бұл партияның басқалардан ерекшелігі, біз негізінен рухани байлықтарға назар аударамыз. Қазір біздің халқымыздың үлкен бөлігі өз тілінде оқи да, жаза да алмайтын жағдайда тұр. Біз еліміздегі көптеген халықтардың тіліне, мәдениетіне құрметпен қарай отырып, республиканың барлық халқының қазақ тілінің жағдайына назар аударуын талап етеміз. Тілден басқа елімізде қордаланған мәселелер аз емес. Мәселен, бізді жер қойнауы байлығының талан-таражға түсуі, жер сату саясатының жаңа қиыншылықтары, экологиялық апатты аймақтардың өсе түсуі, ауылдың кеңестік кезеңдегіден де төмендеуі қатты алаңдатады, - деді Мұхтар Шаханов.
Сондай-ақ, депутат қазақ тіліндегі басылымдардың республика бойынша кемсітілуі, қазақ тілді балабақшалардың жетіспеуі, патриоттық бағытта тәрбиелейтін жастар саясатының болмауы, мемлекет саясатында қазақ ұлты мүддесінің ескерілмеуі сияқты мәселелердің де партия көтеретін басты мәселеге айналатындығын жеткізді. Мұнан бөлек Мұхтар Шаханов партия мемлекеттің сыртқы саясатта және экономика жүргізіп отырған саясатын қолдайтынын айтып, партияны таза ұлтшыл партия деп айтуға келіспеймін деді.
- Біздің партия әсіре ұлтшылдық бағыт ұстанбайды. Ол біздің табиғатымызға жат. Біз орыс және әлемдік деңгейдегі гуманистердің ұстанымын бетке аламыз, - дейді Мұхтар Шаханов.
Ал осы партияның құрылғанын қолдаушылардың бірі экономика ғылымының докторы Сайлау Батыршаұлы бұл партияға мүше болып кіруге көптеген, оның ішінде бұрын өзге партияда болғандардың да ынтық болып отырғанын айта келіп, партия елімізде жайдан-жай емес, қажеттіліктен ғана туып отыр деген уәж келтірді.
- Қазір көптеген, оның ішінде оппозициялық партиялар да бірігіп жатыр. Бізге солардың ортасындағы, халыққа жақын, әділін айтатын партия керек. Ал біздің партиямыз Қазақстанда тұратын халықтардың дініне, ұлтына қарамай, барлығының мүддесін ойлайтын дәл сондай партия, - дейді Сайлау Батыршаұлы
Ал «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы Дос Көшім өзінің осы партияны құруға ұйтқы болу себебін былайша түсіндіреді.
- Ұлттың тілін, мәдениетін қолдайтын кез келген саяси күштер пайда болып жатса, мен солардың қасынан табылып, өз көмегімді бергім келіп тұрады. Оның үстіне біздің қозғалыс осы бағытта жұмыс істеп келеді. Егер бұл партия тіркеле қалса, онда ол халық арасынан үлкен қолдауға ие болады деп ойлаймын. Өйткені халық түрлі арзанқол саяси ойындардан жалықты. Меніңше, халық қазір осы партияның ұстанымына жақын тұрған секілді, - дейді Дос Көшім.
Ал «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов жаңадан құрылғалы жатқан партия жөнінде мынадай пікір білдірді.
- Егер бұл партия біздің Жалпыұлттық социал-демократиялық партия қойып отырған Конституцияны өзгерту, сайлау жүйесін дамыту сияқты талаптарымызды қолдаса, онда оның шынайы демократияшыл партия болғаны. Ал егер партия тек қана үлкен ұрандардың маңайында ғана жүріп, еліміздегі қасаң жағдайларға пікірін айта алмаса, онда біз оны демократияшыл деп айта алмаймыз, - дейді Әміржан Қосанов.
Тіркелмеген «Халық рухы» партиясы осы жылдың 2 маусымында алғашқы құрылтай сиезін өткізуді жоспарлап отыр.