Каноникалық қауымдастық құру келісіміне бүгін Мәскеуде Ресей Православ шіркеуінің басшысы, патриарх Алексий Екінші және Шетелдегі Орыс Православ шіркеуінің басшысы митрополит Лавр қол қойды. Шетелдегі Православ шіркеуінің бас кеңсесі Америка Құрама Штаттарында орналасқан. Ол 1917 жылы болған социалистік революциядан кейін құрылған, Мәскеу патриархаты 1927 жылы Совет үкіметіне мойынсұған соң Православ шіркеуі біржолата бөлініп кеткен.