ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт палестиналық “Хамас” тобының зымырандық шабуылдарын тию үшін соғыс қимылдарын әрі қарай жалғастыратынын мәлімдейді. Ольмерттің атап көрсеткеніндей, ешбір террорлық әрекет Израильдің кек қайтаруынан құтыла алмайды. Жексенбі күні “Хамас” ұйымы Газа аймағынан Израильдің Сдерот қаласын зымыранмен атқылап, бір адам қаза болды. “Хамас” ұйымының қарулы қанаты Израиль Палестинаға қарсы басқыншылығын доғарғанша, өзінің қарулы қарсылығын жалғастыра беруге ант берді.