Бұл жөнінде АҚШ геологиялық мамандары айтқан, сондықтан да Ауғанстандағы жаңа құрылыстың бәрі де қуатты зілзала күшіне төтеп бере алатындай болуы керек дейді олар. 2005 жылдың қазан айында Ауғанстанмен көршілес Кашмирдегі қуатты жер сілкінісінен 80 мың адам құрбан болған еді. Бұл ескерту Ауғанстанның жаңа сейсмикалы қауіп картасына негізделген.