Президенттің үлкен күйеу баласы жұма күні тұтқындалған, оған адам ұрлады, қылмыстық жүйеге қатысы бар деген айыптар тағылған болатын. Рахат Әлиев мұндай айыптауларды жоққа шығарады. Ол Австрияның "Профил" журналына берген сұхбатында "Қазақстанда менің және отбасымның өміріне қауіп төніп тұр" деп мәлімдеген. Бұл сұхбат дүйсенбі күні жарық көруі тиіс. Рахат Әлиев Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның күйеуі, өткен аптаға дейін ол Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған болатын.