БІШКЕК: Бүгін АҚШ-тың қорғаныс минисрі Р.Гейтс Бішкекке ұшып келуге тиіс. Бішкектегі АҚШ елшілігі хабарлағандай, Р.Гейстің қырғыз шенеунектерімен сейсенбі күні өтетін келіссөзінде екі жақты ынтымақтастықты және қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайту мәселелеріне назар аударылады. Сонымен қатар қорғаныс министрі “Манас” әуе жайына орналасқан АҚШ-тың соғыс базасына барады. Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қолдау үшін “Манас” әуе жайында АҚШ-тың 1 мыңдай жауынгері қызмет етеді.