Accessibility links

Испанияның Баск сепаратистері қарулы күресін қайта жалғастырады


МАДРИД: Испаниядағы Баск сепаратистерінің ЭТА ұйымы сәрсенбі күні испан үкіметімен арадағы бітімін үзеді. Басктердің “Берриа” газетінің бүгінгі санында жарық көрген мәлімдемеде айтылғандай, Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы қарулы күресін барлық майданда қайта жалғастырады. ЭТА ұйымы испан үкіметімен бітімге келетінін 2006-ншы жылдың наурызында жариялаған болатын. Алайда өткен желтоқсан айында Мадрид әуе жайындағы жарылыстан 2 адам қаза болғаннан соң үкімет сепаратистермен арадағы бейбіт келіссөзін доғарды.
XS
SM
MD
LG