Ирақтан келіп түскен хабарларға қарағанда, елде орын алған түрлі шабуылдардан әйел журналист пен бір АҚШ сарбазы және ағылшын жауынгері, сондай-ақ, кемінде 15 адам құрбан болған. “Ирақ дауысы” деп аталатын тәуелсіз ақпарат агенттігінің әйел тілшісі кеше Мосулда атып өлтірілген, ал Британия әскері елдің оңтүстігінде оққа ұшқан.