АҚШ пен Батыс елдері Сербияның Косово провинциясына халықаралық бақылау шеңберіндегі шектеулі тәуелсіздік беру туралы БҰҰ-ның ұсынысына қолдау танытады. Алайда бұл жоспарға Ресей қарсы болып отыр. Бейсенбі күні Франция президенті Никола Саркози Косово мәртебесі туралы келіссөздерде алты айлық үзіліс жариялауға ұсыныс жасаған болатын.