КАБУЛ: Ауғанстан президенті Хамид Қарзай өзіне қарсы ұйымдастырылған қастандықтан аман қалды. Кеше Х.Қарзай елдің орталығындағы Газни облысында өткізілген митингіде сөз сөйлеп жатқан кезде, ол жер бірнеше зымыранмен атқыланып, олар нысанаға дарымады. Бұл қастандықты тәліптер өз жауапкершілігіне алды. Сондай-ақ кеше Ауғанстанның қорғаныс министрлігі өткен тәулікте 57 тәліптің көзін жойғанын хабарлады. Тәліптермен арадағы шайқастар оңтүстіктегі Забуль мен солтүстік-батыстағы Бадгис облыстарында болды.