Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ басшысы Мохаммад ел-Барадей Иранды уран байыту әрекеттерін тоқтатуға шақырды. Бүгін Венада МАГАТЭ агенттігі Иранның ядролық бағдарламасына арналған талқылауларын аяқтаған болатын. Иран өкілінің мәлімдеуінше, егер Иран жаңадан санцияларға тап болса, Теһран МАГАТЭ-мен ынтымақтастығын одан сайын азайтуы мүмкін. Америка Құрама Штаттары Теһран жасырын түрде ядролық қару-жарақ жасамақшы деп қауіптеніп, Иранға жаңадан шектеу шараларының енгізілуін қалайды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі осыған дейін Техранға қарсы екі рет санкция енгізген тұғын.