САРАЕВО: Кеше Боснияның астанасы – Сараево қаласының маңында болған жарылыстан бір сапер жауынгер қаза болып, өзгелері көздерінен жараланды. Босниядағы ұлтаралық соғыстың аяқталғанына 12 жылдай өтсе де, елдің бүкіл территориясының 2 мың шаршы шақырымды құрайтын 4 пайызында миналар қалды. Соғыстан қалған миналар мен басқа да жарылғыштар жарылған 1.5 мыңдай қайғылы оқиға болып, 400-ден астам адам қаза тапты.