Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрлігі соғыстан қайтқан сарбаздарды емдеуге ақша жетпей жатыр дейді


АҚШ қорғаныс министрлігі Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстарға қатысқан сарбаздарды дұрыс емдеуге елдің әскери мекемелерінде қаражат жетпей жатыр, тиісті қызметкерлер тапшы деп мәлімдеді. Ирақ пен Ауғанстаннан үш-төрт ай бұрын қайтқан сарбаздар тексерілгенде 38 пайызында психологиялық ауытқу бар екені анықталды. Соғысқа қайта жіберілген сарбаздардың проблемалары өсе түседі. Алайда, олардың психологиялық науқастарын емдеу үшін әскери салаға қаржы-қаражат және қызметкер жетпей жатыр деп көрсетілді.
XS
SM
MD
LG