Жер дауына қатысты бірінші сот шешімімен Астана іргесіндегі Өндіріс және Кирпичный кенттерінің шетінен салынған 150-ден астам жер үй заңсыз салынған және құлатылады деп шешілген болатын. Ал, тұрғындардың айтуынша, оларды Астана әкімшілігімен байланысы бар адам алдап, жалған құжат сатып кеткен.
Ол сотқа өздерін ешкім шақырмағанын айтқан тұрғындар, бірақ қазіргі отырған үйлерін тастамайтындарын мәлімдеп, неге болса да дайынбыз деп отыр. Кейін тұрғындарға жалған құжат сатқан әлгі әйел ұсталып, алаяқ деп танылып, сотталды. Бірақ, рақымшылық заңына сәйкес, ол сот залынан бостандыққа шықты. Астана әкімшілігі заңгерлері заңсыз үй салғандардың үйлері құлатылуы керек және оған кеткен шығынды тұрғындар өздері төлеу керек деп байлаим жасаған. Бірақ, тұрғындар Астана әкімінен мәселе қалай шешіледі деп сұрағанда, Асқар Мәмин халық алдында «ол үйлерді құлатпаймыз, инвестор арқылы шешеміз» деген уәде берген еді. Астана қаласының Сарыарқа ауданының әкімі Сапар Ахметов тұрғындар мәселесі кедергісіз шешілуге тиіс деп отыр:
- Әкімнің айтқан сөзі өз заңды түрінде қалады. Сол жерлерге мекемелер қарастырылып жатыр. Солардың күшімен осы тұрғындардың шығарған шығынын өтеп, басқа жерге көшіру мәселесі қаралатын болады.
Бірақ, тұрғындар ауызша жауап дәлел болмайды деп, әкімнен жазбаша жауап сұрап, сотқа шағымданып, ол сот үдерісін жеңіп шыққан-ды. Үй салғандардың белсендісі Гүлмира Сәрсенбаева мұны былайша түсіндіреді:
- Біз әкімшілікке жазбаша түрде қабылдансын, жер шешілсін деп сұрағанбыз. Әлі ешқандай жауап берілген жоқ. Сол себептен өзіміз сотқа шағымдандық. 31-қаңтарда әкім халықпен бейбіт шешеміз деген, әлі ешқандай шара жоқ.
Бірақ, қала әкімі, тұрғындарға өзі берген уәдесіне қарамастан, әкімшілік аппеляцияға беріп, тұрғындардың талабын теріске шығаруға тырысты. Алайда, соңғы сот үдерісін жүргізген Астана қалалық сотының судьясы Бақытжан Жұмағұлов бұған дейін шығарылған сот шешімін өзгертусіз қалдырды. Үй салғандардың белсендісі Гүлмира Сәрсенбаева соттың бұл шешіміне риза болғанымен әкімшіліктің сот шешімін орындайтындығына күмәнданып отыр:
- Өндірісте инвестор шықты дейді. Маусымда қаулыға қол қойыпты. Бірақ, шыққаныменен жердің жобасы әлі сызылған жоқ. Әкім өзі нақты шешімге келіп тұрған жоқ.
Осы даулы сотта тұрғындардың азаматтық қорғаушысы болған саясаткер Зәуреш Батталова мұндай жоғары лауазымды шенеуніктің сотта халықтан жеңіліп қалуы - Қазақстанда өте сирек кездесетін жайт екенін айтады:
- Негізі біз бүгінгі соттың шешіміне қанағаттанамыз. Және соттың осындай әділдікке батылы жеткеніне, шыны керек, таң қаламыз. Бұл - прецеденттік жағдай. Бірінші рет әкіммен сотта жеңіске жеткеніміз. Бірақ, Қазақстанда кейбір соттың шешімі жылдап орындалмайтын жағдай барын да ұмытпау керек. Міне, жаз болса өтіп бара жатыр. Ильинка деген елді мекеннен жер беріледі, әкімнің шешімінің шыққанын біз білеміз. Бірақ, әлі өтемақы мәселесі, көшіру мәселесі шешілмеген.
Батталованың айтуынша, әкімшілікпен мәселе шешілгенімен енді инвестормен келіссөздер өткізу керек:
- Біздің Астана әкімшілігі халыққа өздері жер бергісі келмейді. Бір қулық жасап отыр. Бұлар Өндірістің жерін инвесторға беріп отыр, бір. Екіншіден, Ильинка деген жерді тағы инвесторға беріп отыр. Инвестор бізге мынадай сұрақ қойып отыр: «Біз Өндірістің жерін сатып аламыз, бір, Ильинка жерін сатып аламыз, екі, одан кейін сіздерге өтемақы төлеп, көшіру керекпіз, бізге өте қиын болады, сондықтан біз бағаны төмендетеміз» деген әңгімені қазір туғызып жатыр. Біз ол әңгімемен келіспейміз.
Ал, Астана әкімшілігі өкілдерінің соңғы сот үдерісіне қатысты пікірі белгісіз. Бұл сот отырысына не әкім, не әкімшілік заңгерлері келмеді.