Евродақ басшылары блокқа мүше 27 мемлекетке арналған жаңа келісім жобасын талқылауда, ол Евродақ конституциясының бұрынғы жобасын алмастыратын болады. Бұдан екі жыл бұрын Конституция жобасын Франция мен Нидерланды азаматтары референдумда қабылдамай тастаған болатын. Жаңа жоба бойынша да пікір қайшылықтары бар. Польша Евродақтағы дауыс беру ережелерінің өзгертілгенін қалайды. Ұлыбритания болса жалпыевропалық мекемелердің билік құзырлары шектелсін дейді.