ТОКИО: Бүгін Токиода Күншығыс елінің 87-ге келген бұрынғы премьер-министрі Кийти Миядзава қайтыс болды. Оның саясаттағы жолы 2-нші дүниежүзілік соғыстың ізінше басталып 2003-інші жылға дейін дерлік 60 жыл жалғасты. Миядзава – алдымен қаржы министрі болып, 2 рет премьер-министр болды. Парламенттен 2003-інші жылы зейнетке шықты. Хабарға қарағанда, ол өзінің Токиодағы үйінде өз ажалынан көз жұмған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы