Accessibility links

Қырғызстанның Жоғарғы Соты 2002 жылғы Ақсы трагедиясы бойынша істі қарап жатыр


Бейсенбі күні Қырғызстанның Жоғарғы Соты Бас прокуратураның өтініші бойынша, осыдан бес жыл бұрын елдің оңтүстігінде наразылық шеруіне шыққан бейбіт халық пен полиция арасындағы қанды қақтығысты қайта қарауға кірісті. 2002 жылдың наурыз айында Ақсы ауданында шеруге шыққан адамдарға полиция оқ атып, онда 6 адам қаза болған еді. Екі айға созылған жаппай наразылық шерулерінен кейін үкімет орнынан кеткен еді.

Маусымның 28 күні Қырғызстанның Жоғарғы Соты Ақсы оқиғасына қатысты азаматтар мен елдің Бас Прокуратурасының өтініші бойынша ескі жараның бетін қайта ашты. Сот Бас прокуратура Кеңсесінің осыған дейін ақталған Ақсы трагедиясына жауапты ресмилердің әрекетін қайта тергеу керек дегенімен келісті.

Қырғыз Жоғарғы Сотының Коллегия басшысы Ақылбек Маткеримов бүгінгі шешімді былай деп хабарлады:

"2004 жылдың 9-шы сәуіріндегі Қырғызстан Жоғарғы сотының қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі алқасының шешімі жоққа шығарылды. Бұрынғы ресми өкілдерге қарсы Қылмыстық іс қайта тергеу үшін Бас прокуратураға жіберіледі”.

Бұл қанды оқиғаға жауаптылар неге ұсталмай жатыр деген сауалмен қаза болғандардың туыстары әділдікті талап етулерін тоқтатқан емес. Бірақ, Жоғарғы Соттың шешімі қазірде үкіметте отырған кейбір ресмилерді сол оқиғадағы өз әрекеттерінің қалай болғаны көрініп қалатындай алаңдаулы күйде қалдырады.

Сондай ресмилердің бірі қазіргі депутат Султан Урманаев, сол 2002 жылдың наурызында қайғылы оқиға орын алған Ақсы ауданы құрамына кіретін Жалал Абад облысының әкімі болған. Бүгінде Бас прокуратура оның оқиғаға қатысы болған-болмағанын анықтайтын қылмыстық тергеуді ашуға мүмкіндік алу үшін парламенттен оның депутаттық құқын алуды сұраған. «Азаттық» радиосының Қырғыз қызметіне берген сұхбатында Урманаев ол қайғылы оқиғаға өзінің қатысы бар дегенді жоққа шығарды. Ол сол кездегі премьер министр Құрманбек Бакиев, президент болған Асқар Ақаев пен мемлекеттік хатшы Османакун Ибраимов сияқты ресмилер маған нұсқау берген жоқ деді. Урманаевтың сөзіне қарағанда, сол кезде президент әкімшілігін басқарған Аманбек Карыпкулов өзінің оппозициялық депутат Әзімбек Бекназаровтың ісіне араласуына кедергі жасағанын айтады.

Бес жыл бұрын 17-ші наурызда бір мыңнан аса адам Ақсыда шеру өткізген. Ол топ ауданның парламенттегі өкілі Бекназаровтың қызметін пайдаланды деген айыппен ұсталғанына қарсылық танытқан. Олар полиция мен қауіпсіздік күштеріне бөтелке мен тас лақтырған соң полиция көтерілісшілерге қарсы оқ атып, алты адам қаза болды.

Ақсы полициясының бұрынғы басшысы Данияр Кулуев Азаттық радиосына өзінің заңбұзушылыққа барған көтерілісшілерді тоқтату үшін тайфун операциясын жүзеге асыру бұйрығына қол қойғанын айтты.

Бұл оқиға Қырғызстанда жаппай наразылық тудырды. Ашулы көтерілісшілер елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі үлкен жолдарды жауып тастады. Ел астанасы Бішкекте ресмилер полицияның көтерілісшілерге қарсы оқ атқанын жоққа шығарды. Ал, сол кездегі президент Асқар Ақаев оппозиция көтерілісшілерге ықпал етіп, елді дүрбелеңге айналдырды деп айыптады. Бірақ, көтерілісшілердің шеруі мамыр айына дейін жалғасып, олар Бішкекке дейін жетті. Наразылық шеруінің ақыры сол кезде үкімет басшысы болған қазіргі президент Құрманбек Бакиев үкіметін орнынан кетірген.

Жақында оппозиялық депутат Қаныбек Иманалиев бұл тұрғыда тіпті Бакиевтің қатысы болса, Ақсыда не болғаны туралы білетіндей қоғамның конституциялық құқы бар деді.

Бұл жағдайда тергеушілерге әр тараптан қысым көріп жатқандай. Ақсыда құрбан болғандардың туыстары шындықтың толық ашылғанын қалайды. Бұл оқиғаға қатысы бар кейбір ресмилер оның терең зерттелуіне кедергі жасауы мүмкін. Мұнда қайғылы оқиғаға нағыз жауаптылар емес тапсырманы орындап дүйім жұртқа оқ атқан қауіпсіздік күштері мен жергілікті ресмилер Ақсы трагедиясының барлық жауапкершілігін бір өздері ғана көтеріп кетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG