Британия полициясы Лондон орталығындағы екінші көліктен жарылғыш заттарды тапқандарын хабарлады. Жарылғыш заттар залалсыздандырылды, дейді полиция өкілдері. Оның алдында Piccadilly Circus метро станциясының жанында ішінде жарылғыш зат болған бір Мерседес машинасы басқа жерге көшірілген болатын. Полицияның айтуынша, осы екі көліктің бір-біріне қатысы бар екені анық болып отыр. Осыған байланысты енді тергеу ісі басталды. Ал АҚШ үкіметі Лондонда бомбалар табылған соң американдықтарды сақ болып жүруге шақырды.