Бүгін Халқыралық Олимпиялық комитет 2014 жылы қысқы ойындардың қай жерде өтетініне байланысты дауыс береді. Тізімде Ресейдің Сочи қаласы мен Австрияның Зальцбург қаласы және Оңтүстік Кореяның Пионгчанг қаласы тұр. Олимпиялық Комитеттің Гуатемаладағы жиынына Ресей президенті Владимир Путин мен Оңтүстік Корея президенті Но Му Хион және Австрия канцлері Алфред Гусенбаер шақырылған.