Accessibility links

"Газпром" және "Транснефть" компаниялары қарулы жасақ ұстайтын болды


Ресейдің монополиялық энергетика компаниялары "Газпром" және "Транснефть" компанияларына қарулы қауіпсіздік жасақтарын құруға рұқсат беріліп жатыр. Ресей парламентінің төменгі палатасы кеше осы жайында заң жобасын қабылдады. "Газпром" компаниясы елдегі барлық монополиялық газ құбыржолдарын басқарады, "Транснефть" компаниясы барлық мұнай құбыржолдарын басқарады. Заң жобасын жақтаушылар қарулы жасақтарды құру құбыржолдардың қауіпсіздігін арттырады дейді. Заң жобасы енді парламенттің жоғары палатасында қаралмақ.
XS
SM
MD
LG