Британияның жаңа премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстан президенті Хамид Қарзайға өз елінің Кабулға оң көзқарас пен қолдау ниетінде екендігін білдірді. "Ауғанстанның қауіпсіздігі - әлемнің қауіпсіздігі" деп атап көрсетілген премьер-министрдің кеңсесі жариялаған мәлімдемеде. Гордон Браун терроризмге қарсы бітіспес күрестің жалғаса беретіндігін және реконструкция шараларына көп күш-жігердің жұмсалатындығын атап көрсеткен. Ол өзінің басшылығы тұсында Британияның Ауғанстанға қатысты саясаты өзгермейтіндігін баса айтты.