БАҒДАД: Бағдад қаласының Ирақ үкіметі мен шетелдік елшіліктері орналасқан және жақсы күзетілетін “Жасыл аймақ” ауданы атқыланды. АҚШ елшілігінің мәліметі бойынша, одан кем дегенде 3 адам, оның ішінде АҚШ жауынгері мен аудан тұрғыны және ұлты белгісіз азамат қаза тапты, жараланған 18 адамның ішінде 5 АҚШ азаматы – 2 жауынгер мен 3 қызметкер болды. “Жасыл аймаққа” 20-ға жуық зымыран түсіп жарылды.