Түркіменстан президенті Гурбанқұлы Бердімұхамедов пен Ресей бас министрінің орынбасары Сергей Нарышкин Каспий газ құбыржолын салу жөнінде Ашхабадта келіссөз өткізді. Сергей Нарышкин келіссөз алға жылжыды, келісімге қыркүйек айында қол қоюға болады деді. Түркіменстаннан Қазақстан арқылы Каспий теңізінің жағалауымен Ресейге баратын құбыржолды осы үш мемлекет мамыр айында салуға келіскен. Осылайша түркімен табиғи газы Еуропаға Ресей арқылы тағы бір жолмен апарылмақ.