Грузияның жікшілдік бағыттағы Абхазия аймағының премьер-министрі Александр Анкваб бүгін орын алған шабуылдан жарақат алды. Бұл туралы Абхазия ресмилері хабарлады. Олардың айтуынша, премьер-министр Сухумидегі жұмысына бара жатқан кезде оның көлігіне гранат атылып, машинасының артқы жағына тиген. Интерфакс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, Александр Анкваб жақын арада қайта жұмысқа шығатынын айтқан. Анкваб осыдан екі жыл бұрын премьер-министр етіп тағайындалған болатын. Содан бері оған осымен төртінші рет шабуыл жасалып отыр.