Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға араағайындық жасап жүрген "Квартет" тобы келесі аптада Португалияда кездеседі. Мәжіліс сейсенбі күні осы елдің астанасы Лисабонда өтеді. Мәжілісте "Квартет" тобының жаңадан тағайындалған Таяу Шығыстағы елші, Британияның бұрынғы бас министрі Тонни Блейер таныстырылатын болады. Тараптар Палестина әкімшілігіне көмек көрсету мәселесін талқылайды. "Квартет" тобын Біріккен Ұлттар Ұйымы, Америка Құрама Штаттары, Ресей және Еуропа Одағы құрап отыр.