Accessibility links

Израиль мен АҚШ - Палестинаның жаңа үкіметіне екі жақтан көмектеспекші


ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт Иерусалимде Палестина автономиясының төрағасы М.Аббаспен келіссөз өткізуге тиіс. Оның барысында М.Аббастың өткен айда Иордан өзенінің Батыс жағалауында жасақтаған жаңа үкіметіне көмек беруді көздейтін Израиль жоспарын талдайды. Палестинаның жаңа үкіметі – Газа аймағын толық бақылауына алған “Хамас” тобының үкіметі орнына құрылды. Израиль жағы М.Аббас бастаған “ФАТХ” қозғалысының 180-дей мүшесін терроризмнен бас тартқан күнде босатуға уәде берді. Сонымен қатар бүгін АҚШ президенті Дж.Буш та Палестинаға жаңа көмек беру туралы құжатқа қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG