ТЕҺРАН: Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад Сирия басшысы Башар Әл-Асадпен келіссөз өткізу үшін бейсенбі күні Дамаскіге сапармен барады. Теһраннан келіп түскен хабарға қарағанда, 2 лидер халықаралық, аймақтақ проблемаларды және 2 жақты ынтымақтастықтың мәселелерін талдайды. Халықаралық қауымдастықтан оқшау қалған Сирия мен Иран соңғы жылдары өзара қарым-қатынасын тереңдетті.