Бүгін Болгария Ливиядан ресми түрде 5 болгарлық медбике мен бір палестиндік дәрігерді қайтаруды сұрамақшы. Оларға өлім жазасы беріліп, кейін өмірлік абақтыға жабу үкімі шығарылған еді. Құрама Штаттар мен Еуропа Одағы да Триполидан ол алтауын экстрадициялауды сұрап отыр. Ливиядағы ауруханада қызмет еткен шетелдік медицина қызметкерлері Ливияның 400 баласына ВИЧ/СПИД дертін жұқтырғаны үшін айыпталуда. Оларға шығарылған үкім жапа шеккендердің отбасына миллиондаған доллар өтемақы төленген соң жеңілдетіліп отыр.