Иранның мемлекеттік теле арнасы елдің қауіпсіздігіне қауіп төндірді деген айыппен қамауға алынған тегі ирандық екі американдық туралы бағдарламаның екінші бөлігін көрсетті. Екі ғалымның сөздері кінәні өз мойындарына алғандай, алдын-ала түзетіліп, қиылып көрсетілген. Онда Халех Есфандияри өзінің тұрақсыздық тудыру әрекетіне қатысқанын айтса, Киян Тайбахш өзі өкілі болып табылатын “Сорос Ашық қоғам институты” деп аталатын ұйымның ұзақтан бергі мақсаты үкіметте өзгерістер жасау деп айтқан. Оларды көрсеткен теле арнаның “Демократия атымен” деген бағдарламасында Украина мен Грузиядағы төңкерістерге негізделген.