Accessibility links

Литвиненко өліміне күдікті өзінің Ресейдегі сотқа баруға дайын екенін айтты


Британия билігі уланып өлтірілген Ресейдің бұрынғы қауіпсіздік қызметкері Александр Литвиненко өліміне күдікті деп тапқан ресейлік кәсіпкер Алексей Луговой өзінің Ресейдегі сотқа баруға дайын екенін айтты. “Эхо Москвы” радиосына берген сұхбатында ол, елден шықса өзін қамауға алады деп күдіктене отырып, өзінің британдық прокурорлармен Ресейде кездесе алатынын айтты. Және ол Британияның өзін айыптауға дәлелі жоқ екенін алға тартты. Ресей бұл күдіктіні Британияға бермей қойған соң, Мәскеу мен Лондон арасында дипломатиялық дағдарыс орнаған.
XS
SM
MD
LG