Ирақ премьер-министрі Нури Әл-Mәлики маңызды заң жобасын қабылдау үшін елдің парламентін жазғы демалысын үзуге немесе қысқартуға шақырды. Әл-Мәлики парламент өзінің тамыз айындағы демалысын үзеді немесе оны 2 аптаға дейін қысқартады деп үміттенетінін мәлімдеді. Ирақ парламенті мұнайдан түскен табысты шийттер мен сүнниттердің және күрдтердің арасында тең бөліп беру жөніндегі маңызды заң жобасын мақұлдай алмаған болатын. Нури әл-Малики осы проблеманы талқылау үшін сенбі күні АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Райан Крокермен кездесті.