Accessibility links

Ливия түрмесіндегі медбикелердің тағдырына францұз президентінің зайыбы мен Еуроодақ өкілі араша түспекші


ТРИПОЛИ: Болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігерді босатып көру мақсатымен жексенбі күні Франция президентінің зайыбы Сесилия Саркози - Еуропа Одағының сыртқы қатынастар бойынша арнаулы өкілі Бенита Ферреро-Вальднер ханыммен бірге - Ливияға ұшып шықты. Әлгі медицина қызметкерлеріне 2004-нші жылы “Ливия балаларына СПИД дертін қасақана жұқтырды” деген айып тағылған болатын. Саркози ханым 12-нші шілде күні де Ливияда болып, медбикелер мен СПИД дерті жұққан бірқатар баланың ата-анасына жолықты. Ал осы жолы Ферреро-Вальднер мен Саркози Ливия президенті Му`аммар Қаддафимен кездесуге тиіс. Францұз президенті Н.Саркози таяуда медбикелерді босатуға белсенді атсалысып көрді.
XS
SM
MD
LG