ВАШИНГТОН: АҚШ пен британ баспасөзінің мәлімдеуінше, Ауғанстандағы тәліптердің қолына түскен оңтүстіккореялық 22 азаматтың ішінен 1 әйелдің сөзі жазылған таспаны қолға түсірді. АҚШ-тың Си-Би-Эс телекомпаниясы хабарлағандай, әлгі әйел көмек сұрап жалбарынып, тұтқында отырғандардың барлығы да дертке шалдыққанын хабарлайды. Би-Би-Си корпорациясы да дәл сондай таспаны алғанын хабарлады. Оның алдында Ауғанстан үкіметі кісі ұрлаушылар тұтқындағы 22 кәріс азаматын босатудың шарты бойынша келіссөзді жұманың ортасына дейін ұзартқанын хабарлаған болатын.