Accessibility links

Сербия сыртқы істер министрі Косово келіссөздері үшін жаңа жоспарын ұсынды


Сербия сыртқы істер министрі Косовоның келешегі туралы келіссөздерді қайта бастау үшін жаңа жоспарын алға тартып отыр. Министр Вук Йеремичтің айтуынша, бұл жоспар Косоводағы этникалық албандар үшін өз үкіметтерін басқаруына кепілдік болады. Және ол келіссөздердің уақыты шектелмеуі керек және алдын-ала нәтижесі жасалмауы тиіс деген. Сербия министрі сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесіндегі осыған дейінгі Батыстың ұсынған жобасын сынады. Йеремич кейінірек Косово мәселесін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен талқылады.
XS
SM
MD
LG