Сауд Арабиясында олар кездесулер жасады. Сапар мақсаты- АҚШ-тың Ирақтағы саясатына аймақтан қолдау табу. Сондай-ақ Израйль-Палестина мәселесі мен Иранның ықпалына қарсы тұру сауалдарын да талқылауда. Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласында, Мысыр, Йордания және Парсы шығанағы әріптестік кеңесінің Сыртқы істер министрлерімен, қабылданған мәлімдемеде Ирақтағы жағдайды жақсартуға жалпылама уәде қайталанған. Онда арнайы міндеттеме қамтылмаған екен.