Ресей зерттеушілерінің Солтүстік полюске жасаған экспедициясына шамамен төрт миллион доллар жұмсалды. Ресей зерттеушілері екінші тамыз күні шағын сүңгуір қайықпен Арктика мұхитының табанына жетіп, Солтүстік полюстің кіндігінде Ресей жалауын тікті. Арктика және Антарктиканы зерттеу институтының бастығы Иван Фролов "Эхо Москвы" радиосына берген сұхбатында экспедицияға шамамен төрт миллион доллар кетті деді.