Accessibility links

АҚШ пен Ауған президенттері “Талибанды” жеңеміз дейді


АҚШ президенті Джордж Буш пен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Талибанға қарсы күресте жеңіске жетеміз деп мәлімдеді. Бұл туралы екі ел басшылары дүйсенбі күні Вашингтонның жанындағы Кемп Дэвидте өткізген баспасөз-мәслихатында хабарлады. Хамид Қарзайдың айтуынша, Талибанның бүлікшіл әрекеттері жекелеген адамдарға зиян келтіруде бірақ одан Ауған үкіметіне қауіп төніп тұрған жоқ. Халықаралық қауымдастықтың іс-қимылдары Ауғанстанда мыңдаған баланың өмірін сақтады, деді Хамид Қарзай.
XS
SM
MD
LG