ТРОМСЕ (НОРВЕГИЯ): Дания Солтүстік полюске өз экспедициясын аттандырды. Дания баспасөзінің хабарлауынша, мұз жарғыш “Оден” кемесі сапарға Норвегияның Тромсе портыннан аттанды. Экспедицияның мақсаты – Данияның Арктика қайраңына деген құқын дәлелдеу – ол қайраңның Данияның жері болып табылатын Гренландиямен геологиялық тұрғыдан байланысты екенін растайтын мәліметтер жинамақшы. Дания үкіметінің мәлімдеуінше, бұл экспедиция көптен бері әзірленді және Ресейдің таяудағы Арктика экспедициясына еш қатысы жоқ.