Ресми мәліметтерге қарағанда, су тасқындарынан 200-ден аса адам жоғалып кеткен, олардың қаза болуы да мүмкін, 30 мыңнан астам тұрғын үй қираған. Осы айда басталған апаттың салдарынан жүздеген көпір мен темір жол қирады, ондаған мың гектар ауылшаруашылық жер істен шықты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік бағдарламасының өкілі Пол Рислей Солтүстік Кореяның ресми мәліметтері шындыққа сай келеді, елде айтарлықтай төтенше жағдай қалыптасты дейді.