Грузия мен Ресей арасында Тбилисидің өз әуе кеңістігін осы айдың ішінде ресейлік ұшақтар екі рет бұзып, жарылмай қалған зымыран тастады деген мәлімдемесіне байланысты айыптаулар жалғасып жатыр. Грузияның БҰҰ-дағы елшісі Ираклий Аласания Ресей әуе күшін қолданып, демократиялық елде тұрақсыздық орнатуға тырысып жатыр деді. Ресей өз ұшақтарының 6-шы және 21 тамыздарда Грузия аймағына ұшқанын жоққа шығарып, оны Грузия ойдан шығарып отыр дейді. Халықаралық сарапшылар Тбилисиге қолдау жасап, қолда бар дәлел-айғақтар Ресей қырғи ұшақтарының Грузияның әуе кеңістігіне заңсыз кіріп, зымыран тастағанын растап отыр дегенді айтады.