Accessibility links

Ирақтан АҚШ әскерінің бір бөлігі шығарылады, ал Дж.Буш Аустралияға ұшып кетті


БАҒДАД: АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын АҚШ әскерінің аз күшімен қолдап тұруға болады деп есептейді. Дж.Буштың атап көрсетуінше, Америка әскерінің басшылары мен дипломаттары Ирақта ілгерілеу бар деп санайды және олардың ортақ пікірінше, міне осындай ахуал Ирақтағы АҚШ әскерін қысқартуға мүмкіндік береді. Ираққа күтпеген жерден ұшып келген президент Дж.Буш Ирақтағы АҚШ күштерінің бас қолбасшысы Дэвид Петреуспен және АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Райан Крокермен кездесті. Осы екеуі қыркүйектің соңында Конгресте Ирақтағы ахуал туралы есеп беруге тиіс. Ал Дж.Буш Ирақтан Аустралияға қарай ұшып шықты.
XS
SM
MD
LG