Accessibility links

Анна Политковскаяны өлтіру ісін зерттеп жатқан тергеу тобы күшейтілді


Ресей бас прокуратурасы тәуелсіз журналист Анна Политковскаяны өлтіру ісін зерттеп жатқан тергеу тобының бастығы Петр Гарибян қызметінен алынбаған, бұл жайында айтылып жатқан қауесет шындыққа сай емес деді. Прокуратура өкілі Марина Гриднева қауесеттің негізі жоқ, тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр, тергеушілер саны көбейтілді дейді. Ресей үкіметін қатты сынайтын Анна Политковская былтыр қараша айында Мәскеуде атып өлтірілді. Іс бойынша он адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG