Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буштың Ирақтағы саясатына сын айтылды


Ирақтағы америкалық әскердің екінші қолбасшысы, генерал-лейтенант Раймонд Одайрноу тамыз айында шабуылдар соңғы 13 айға қарағанда азайды, қақтығыстарды азайтуға бола ма, жоқ па, шектеулі америкалық әскердің көмегімен қауіпсіздікті қамтуға бола ма, жоқ па алдағы бірнеше айда көрінеді деп мәлімдеді. Ал мұның алдында АҚШ Конгресіне бағынатын тәуелсіз бақылау ұйымы Ирақта табысқа қол жетпей жатыр деген қортындысын жариялады. Ирақ үкіметінің алдына АҚШ Конгресі тарапынан 18 өлшем қойылған, алайда оның 11 мүлдем қол жеткізілген жоқ делінеді. АҚШ президенті Джордж Буштың Ирақтағы саясатының қортындысы жайында тағы екі баяндама жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG