ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанда тәліптерді қолдайтын қарулы топ 30-ыншы тамызда тұтқынға алған 260 жауынгерді босатты. Жауынгерлер Ауғанстан шекарасына жақын Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі Ладха қышлағының ақсақалдарына табыс етілді. Әзірше Пәкістан армиясының ресми өкілдері бұл ақпарды растаған жоқ.