Accessibility links

АҚШ Қорғаныс министрі Ирақтағы әскер санын 2008 жылы көбірек қысқартуды ұсынды


Құрама Штаттардың Қорғаныс басшысы Роберт Гейтс 2008 жылдың барысында Америка он мыңдаған АҚШ әскерін Ирақтан шығарса дегенді айтты. Гейтстің айтуынша, Ирақтағы қазіргі 170 мың әскердің 100 мыңдайын 2009 жылдың қаңтарына дейін қысқартса болады. Бірақ, ол мұның бәрі АҚШ-тың Ирақтағы миссиясындағы жетістіктерге байланысты болады деп айтты. Бейсенбі күні АҚШ президенті Джордж Буш 30 мыңдай Ирақтағы Құрама Штаттар әскері келесі жазға дейін қысқарады деп айтқан.
XS
SM
MD
LG