Өткен жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлық жағынан әлемнің 165 мемлекеті арасында 111-ші орында болған еді. Ал биылғы көрсеткіштер Қазақстан сыбайлас жемқорлық мәселесінде кейін қарай шегінгені байқалады.
«Трансперенси-Қазақстан» ұйымының атқарушы директоры Сергей Злотниковтың айтуынша, Қазақстанның сыбайлас жемқорлық жағынан алған биылғы көрсеткіші бұған дейінгі жағдайдың нашарлай түскенін көрсетеді.
Қазақстан сыбайлас жемқорлық жағынан Африканың Конго, Либерия, Кот-д‘Ивуар, Кения секілді елдерінің арасында болуы - көп нәрсені аңғартады және түрлі ойларға жетелейді. Сондықтан, Қазақстан тез арада сыбайлас жемқорлық тамырына балта шауып, бұл құбылысты мүлдем тоқтатпаса, мемлекеттің тұрақтылығы оның қауыпсіздік мәселесі қиын жағдайға ұшырайды, - дейді кезінде Қазақстан үкіметінде вице-премьер, қауыпсіздік кеңесінің хатшысы секілді жауапты қызметтер атқарған Балташ Тұрсымбаев.
Ал табиғатты қорғау қоғамдық ұйымының төрағасы Мелс Елеусізов ел президентінің бастамасымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес науқанының жүргізіліп жатқанына қарамастан, бұл күресте ауыз толтырарлық ешқандай жетістіктің болмай отырғандығын айтады. «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Төлепберген мемлекеттік тендерлерді ұйымдастыру мәселесінде жаппай сыбайлас жемқорлықтың жайлап алғанын оған қарсы күрестің дәрменсіз екендігінің айғағы ретінде атайды.
Ал Қазақстандағы кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау қоғамдық ұйымының төрағасы, заңгер Василий Резван сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін елдегі реформалық істерді тездету керек деген пікірде.
«Трансперенси Интернешнл» ұйымы өзінің есеп баяндамасында 2007-ші жылдың жағдайымен көпшлік ТМД елдерінде сыбайлас жемқорлықтың жоғары болып отырғанын көрсетіпті. Мысалы, Әзербайжан сыбайлас жемқорлық жағынан 150-ші орында болса, Беларусь 151-шы, ал Ресей 145-ші орынды иеленіпті. Қазақстаннан кейін Қырғызстан және Тәжікстан 157 және 159-шы орындарда сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдер қатарында аталып отыр. Әлемдегі сыбайлас жемқорлық жайламаған ең таза елдер ретінде Дания, Финляндия елдері аталыпты.