Accessibility links

 
Сербтер мен Косово албандарының келіссөздері сәтсіз өтті

Сербтер мен Косово албандарының келіссөздері сәтсіз өтті


Сербия жетекшілері мен Косово албандарының халықаралық арағайыншылармен Косово келешегі туралы келіссөздері жұма күні болып өтті, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Косово БҰҰ-ның әкімшілігінде 1999 жылдан бері келеді. Сербия Косовоның тәуелсіздік алуына қарсы. Бірақ, Косовоның этникалық албандары тәуелсіздікке қол жеткіземіз деп отыр. Еуропалық арағайыншы Вольфанг Ишингер екі тарап қазанның 14-де Брюссельде тікелей келіссөздер өткізуге келісті деді.
XS
SM
MD
LG