Accessibility links

“Түрлі-түсті төңкерістің” партиялары сайлауда басым дауысқа ие болғанға ұқсайды


КИЕВ: Украинадағы “түрлі-түсті төңкерісті” қолдайтын саяси күштер жексенбідегі парламент сайлауының нәтижесінде жаңа коалициялық үкіметті жасақтай алатындарын мәлімдейді. Дауыстардың 75 пайызы есептелген соң, Ю.Тимошенконың блогі 32.5 пайызға жуық, премьер-министр В.Януковичтің “Аймақтар партиясы” 32 пайыздай кем, ал президент В.Ющенконы қолдайтын “Наша Украина-Народная самооборона” блогі 15 пайызға жуық дауыс жинаған. Бүгін Ю.Тимошенко: “Осы жолғы парламент сайлауында тағы да Украинаның демократиялық күштері жеңді. Енді біз біріге отырып, әдеттегідей, қарсыластарымыздан басым дауыс алдық. Мен президент пен біздің бүкіл демократиялық командамызды анық жеңісімен құттықтағым келеді”, - деп мәлімдеді. Президент В.Ющенко мен Ю.Тимошенконың блогі бірге кемінде 45 пайыз дауысқа ие болатын түрі бар. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бастаған халықаралық бақылаушылар миссиясы өзінің бастапқы есебінде Украинадағы парламент сайлауын “ашық әрі шынайы бәсекелестік жағдайында өтті” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG